06
октябрь
2023
ұстаздар мерекесіне арналған концерт
5 – қазан күні Қаракемер орта мектебінде қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегі бар Ұстаздар қауымын құттықтауға арналған мерекелік концерт өтті. Концерт барысында өнерпаз оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры Е.Ә.Кабаев білім ордасында қызмет етіп жүрген барша Ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! #Ұстаздармерекесі




