Іс-шаралар » Страница 14 » Қаракемер орта мектебі МДШО ММ
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қаракемер орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
көктем аруы-2023
16
март
2023
көктем аруы-2023
   Қаракемер орта мектебінде 15 наурыз күні қыздар комитетінің ұйымдастыруымен "Көктем аруы-2023" байқауы өткізілді. Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.                                   Мектеп арулары  6 кезең бойынша сынға түсті 1. «Мен қазақтың қызымын»
еркін күрес ашық турнирі
16
март
2023
еркін күрес ашық турнирі
Қаракемер орта мектебінде 12 наурыз күні мектебіміздің түлегі Мырзақасымұлы Диасты еске алуға арналған 2011-2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен аудандық ашық турнирі ұйымдастырылды. Турнирге Ақсу, Сарқан ауданы және Талдыкорган қаласының спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қаракемер орта мектебінің 4 оқушысы жүлделі 3-орынды иеленді: Алимұрат  Нариман, Баймұхамет Әмір, Бескемпір Ерлік және Талғат Арман
8-наурыз арулар мерекесі
16
март
2023
8-наурыз арулар мерекесі
Қаракемер орта мектебінде Халықаралық арулар мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар  ұйымдастырылды. Таңертең  білім ордасының кіре берісіне оқушылар сап түзеп, аруларға  мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сабақтан кейін акт залында мерекелік кеш өткізілді. Кеште  мереке иелеріне құрмет көрсетіліп, өзін-өзі басқару ұйымымен концерт  қойылды. Мектеп басшысы кәсіподақ ұйымы атынан  алғыс хаттармен марапаттады.  Сонымен қатар  ауылымыздың  ардагер ұстаздарын да мерекелерімен құттықтап,  сыйлықтар
сейсмикалық жаттығу
16
март
2023
сейсмикалық жаттығу
Жетісу облысы,Ақсу ауданы,Алтынарық ауылы  Қаракемер орта мектебінде 494 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық қорғау саласындағы халықты және мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларына" және Жетісу облысының аумағында азаматтық қорғау саласында жаттығулар мен машықтанулардың өткізілуі жоспарына" сәйкес  ағымдағы жылдың 1-ші наурызында азаматтық қорғау құлақтандыру жүйелерінің іске қосылуымен мектепшілік сейсмикалық жаттығулар жасалды.   Ақсу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
Соғыс ардагерімен кездесу
26
февраль
2023
Соғыс ардагерімен кездесу
Ақпан айының 24 күні Қаракемер орта мектебінде  "Ауғанның от-жалыны" тақырыбында соғыс ардагерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты-оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке тәрбиелеу.Кездесуге  өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан  ауған-тәжік соғысының ардагері      Е.О. Ешмуханбетов қатысты. Ардагер ағамыз ауған-тәжік шекарасындағы әскери қызметі туралы естеліктермен
"Үздік тілек" байқауы
21
февраль
2023
"Үздік тілек" байқауы
1-наурыз Алғыс айту күніне орай "Үздік тілек" байқауы ұйымдастырылды. Екі апта бұрын хабарландыру ілініп, байқау жәшігі қойылды. Осы уақыт аралығында оқушылардан   қырыққа жуық жұмыс  түсті.  Байқау шарты бойынша тілектер ұстазға, ата-анаға, досына, құрбысына арналуы тиіс болды және мазмұны, сауаттылығы, реттілігі, маңызы бойынша бағаланды.  Нәтижесінде  бастауыш сыныптар арасында 3 жұмыс, жоғары сынып оқушылары арасында 2 жұмыс "үздік" деп танылып, ынталандыру сыйлықтары мен мақтау қағаздары
Tartyl Fest турникке тартылудан мектепішілік жарысы
21
февраль
2023
Tartyl Fest турникке тартылудан мектепішілік жарысы
Қаракемер орта мектебінде  жұмыс жоспарына сәйкес  16 ақпан күні 1-4 және  5-11 сынып ұлдары арасында кермеге тартылудан  мектепішілік «Tartyl fest» жарысы ұйымдастырылды. Жарыс қортындысы: 1-4 сыныптар арасында 1-орын Бескемпір Ерлік, 2-орын Баймұхамет Әмір, 3-орын Шатырбай Ернұр.  5-11-сыныптар арасында 1-орын Хизатұлы Парасат, 2-орын Жетпісбай Санжар  3-орын Күресбек Әлихан. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Спорт -  салауатты өмір салтының кепілі
14
февраль
2023
Спорт - салауатты өмір салтының кепілі
Спорт -  салауатты өмір салтының кепілі. Еліміздің әр азаматын салауаттылыққа ынталандыру, спортпен айналысуға үгіттеу еліміздің жарқын болашаққа нық сеніммен қадам басуының кепілі болып табылады.  Осы ретте деннің саулығын қадағалау және оны нығайту мақсатында қаракемер орта мектебі оқушылары күнделікті таңғы жаттығуларын жасайды
"Денсаулық фестивалі-2022"
14
февраль
2023
"Денсаулық фестивалі-2022"
Қаракемер орта мектебінде "Денсаулық фестивалі-2022" спорттық сайыстары өткізілді.                Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.                 Сайысқа төменгі сыныптардан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін қатысты. Оқушылар қашықтыққа жүгіру, турник, отжимание т.б спорт түрлерінен сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталды.  
тілдер мерекесі
14
февраль
2023
тілдер мерекесі
"Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ-де 22-қыргүйек тілдер мерекесі Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдығна орай "Тіл-татулықтың тірегі" атты сабақтан тыс іс-шара өтті.  Тіл мересіне орай оқушылар ән, би, саханалық қойылым көрсетті.  Шара жоғары деңгейде өтті.