16
март
2023
еркін күрес ашық турнирі
Қаракемер орта мектебінде 12 наурыз күні мектебіміздің түлегі Мырзақасымұлы Диасты еске алуға арналған 2011-2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен аудандық ашық турнирі ұйымдастырылды. Турнирге Ақсу, Сарқан ауданы және Талдыкорган қаласының спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қаракемер орта мектебінің 4 оқушысы жүлделі 3-орынды иеленді: Алимұрат Нариман, Баймұхамет Әмір, Бескемпір Ерлік және Талғат Арман