16
март
2023
көктем аруы-2023
Қаракемер орта мектебінде 15 наурыз күні қыздар комитетінің ұйымдастыруымен "Көктем аруы-2023" байқауы өткізілді.
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Мектеп арулары 6 кезең бойынша сынға түсті
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру) Сайысқа бастауыш және жоғары сыныптан барлығы 12 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, мақтау қағаздары және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
