06
март
2026
“Ана – бақыт, ана – жыр, ана – өмір”
“Ана – бақыт, ана – жыр, ана – өмір” атты мерекелік концерт – аналарға құрмет көрсетуге арналған тәрбиелік маңызы зор мәдени іс-шара. Бұл концертте оқушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып, аналарға деген сүйіспеншілігі мен алғысын білдіреді. Мерекелік кеш арқылы ананың мейірімі, қадір-қасиеті дәріптеледі.Мақсаты:Оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, ананың өмірдегі орны мен еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Аналарды ардақтап, олардың мейірімі мен қамқорлығын насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу.