10
февраль
2026
М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеші
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеші. Мақсаты: оқушыларды қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен мол шығармашылық мұрасымен таныстыру, ақын шығармалары арқылы жас ұрпақтың рухани дүниетанымын кеңейту.
Іс-шара барысында оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу көзделеді. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, әдеби-музыкалық мәдениетін қалыптастыру және қазақ әдебиетіне деген құрмет сезімін нығайту мақсат етіледі.