Іс-шаралар » Страница 2 » Қаракемер орта мектебі МДШО ММ
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қаракемер орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай оқушылар арасында  аудандық әскери-патриоттық жарысы
11
февраль
2026
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай оқушылар арасында  аудандық әскери-патриоттық жарысы өтті. Жарыстың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ерлік пен батырлықты дәріптеу. Ел тарихын құрметтеп, ерлікке тағзым ету – біздің парызымыз. Кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері.  
М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеші
10
февраль
2026
М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеші
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеші. Мақсаты: оқушыларды қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен мол шығармашылық мұрасымен таныстыру, ақын шығармалары арқылы жас ұрпақтың рухани дүниетанымын кеңейту. Іс-шара барысында оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу көзделеді. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау,
«Заң және мемлекет», «Бала құқықтары туралы конвенция» Кітап көрмесі
19
январь
2026
«Заң және мемлекет», «Бала құқықтары туралы конвенция» Кітап көрмесі
«Заң және мемлекет», «Бала құқықтары туралы конвенция»Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заң және мемлекет туралы танымдық әдебиеттер, «Бала құқықтары туралы конвенция», балаларға арналған құқықтық бағыттағы кітаптар, энциклопедиялар мен әдістемелік құралдар қойылды.Мақсаты:Оқушыларға заң ұғымын, мемлекеттің негізгі қызметтерін түсіндіру, Бала құқықтары туралы конвенциямен таныстыру арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге
“Ғажайып толы Жаңа жыл”
25
декабрь
2025
“Ғажайып толы Жаңа жыл”
“Ғажайып толы Жаңа жыл” атты әсерлі жаңа жылдық кеш өтті. Кеш барысында ертегі мен мультфильм кейіпкерлері келіп, балаларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балаларымыз Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтып, тәтті сыйлықтарын қуана қабылдады. Шара барысында әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалып, мерекелік атмосфера ерекше сезілді.Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш – біздің ең үлкен жетістігіміз .Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, олардың
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына балаларды қабылдау салтанатты  жиыны
12
декабрь
2025
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына
2025 жылдың  12 желтоқсан күні біртұтас тәрбие жоспарына сай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына балаларды қабылдау салтанатты  жиыны өткізілді. 2-сыныптан 9 оқушы «Жас қыранға», 5-сыныптан 9 оқушы  «Жас ұланға» қабылданды.  Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, азаматтық жауапкершілігін арттыру, белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру және қоғамдық жұмыстарға тарту. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен
"Тұрмыстық зорлық зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықта, оның алу және азайту
19
ноябрь
2025
"Тұрмыстық зорлық зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықта, оның
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру және балалар мен ата-аналардың қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды. Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары, көмек алу жолдары, сенім телефондары және құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жасалды. Қатысушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдылары мен өз құқықтарын қорғау туралы жаднама
Алтын күз
14
октябрь
2025
Алтын күз
Қаракемер орта мектебінде «Күзгі асар» жәрмеңкесі сәтті өтті. Оқушылар мен ата - аналар өз қолдарымен әзірлеген өнімдерін сатты. Іс - шара ұжымды біріктіріп, қайырымдылыққа үлес қосты. #aksu_bilim_bolimi20
Даналық ұстаздан
03
октябрь
2025
Даналық ұстаздан
Қаракемер орта мектебінде ұстаздар күніне арналған іс шара өткізілді. Шәкірттер таңертеңгісімен ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады. Ардагер ұстаздар ұлықталып, әннен шашу шашылды. #aksu_bilim_bolimi20
Қарттар күні
01
октябрь
2025
Қарттар күні
 қазан-Қарттар күніне орай ауыл ақсақалдарына мектеп оқушылары "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырды. Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт — дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.  Шара барысында жас өнерпаздар би билеп, ән шырқады, жүрек тебірентер көрініс қойды. Концертке келген ауыл қариялары ақ баталарын беріп, жылы лебіздерін білдірді. #aksu_bilim_bolimi20