26
март
2025
МУЗЕЙГЕ САЯХАТ
Оқушылардың көктемгі демалысын тиімді өткізу мақсатында Қаракемер орта мектебінің оқушыларына Сарқан ауданы, Черкасск ауылында орналасқан Сарқан ауданының тарихи музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Сарқан ауданының тарихи музейі Черкасск қорғанысының 60 жылдығына орай тұрғызылған. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 1968 жылғы 1 қаңтардағы шешімімен Азамат соғысы жылдарында әскери кеңес орналасқан ғимаратта ашылған.
Музей экспозициясы 3 залдан тұрады. Алғашқысы — 1917 жылға дейінгі аудан тарихы, одан кейін — Кеңес дәуіріндегі өлке тарихы, соңғысы — тәуелсіздік жылдары.
Келушілерге арналған тарихи жәдігерлер қойылған үш көрме залы бар. Атап айтсақ, ХХ ғасырдың басындағы Жетісу өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, М.Тынышбаевқа арналған «Сөнбес жұлдыздар нұры» тұрақты көрмесі, "Черкасск қорғанысының" құрылуы және қорғаныс аймағындағы соғыс қимылдары. #aksu_bilim_bolimi20
и ещё 7
Статистика и объявления
Все реакции:2Baga Saga и Алма Мыхтыбаева