04
ноябрь
2025
«Менің әділ әрекетім»
«Шабыт» жобасы аясында: «Адал ұрпақ» ұйымы бойынша «Менің әділ әрекетім» тақырыбында мектепішілік қабырға газеттері шығарылды. Оқушылардың әділдік, адалдық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ мектеп қауымдастығында оң мінез-құлықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Қабырға газеті арқылы оқушылардың ой-санасын дамыту, әділ шешім қабылдауға баулу және сыныптағы достық, сыйластық атмосферасын нығайту көзделді.