04
февраль
2025
нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары мамандарымен кездесу
Қаракемер орта мектебінде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесуге Ақсу АПБ ТжКЖТ аға инспекторы полиция капитаны Фарух Тұрсынбеков және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі УПИ полиция капитаны Бакуашев Дидар Мейранбекұлы шақырылды. Кездесу барысында мамандар оқушыларды есірткі қолданудан аулақ болуға шақырды және есірткімен ұсталған жағдайда 5 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын атап өтті. Сонымен қатар түнгі мезгілде көшеде оқушылардың ата-аналарынсыз жүрулеріне тыйым салынатынын тағы бір мәрте естеріне салды. Полиция қызметкерлері тәртіп туралы айта келе мектеп бітіруші түлектерге ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алуға шақырды. Оқуға түсу шарттарымен және оған қажетті құжаттар тізімімен таныстырып өтті. #aksu_bilim_bolimi20
Статистика и объявления
Все реакции:2Есимхан Чнетов и ещё 1