"Қызға қырық үйден тыйым" » Қаракемер орта мектебі МДШО ММ
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қаракемер орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қызға қырық үйден тыйым"
05
февраль
2021

"Қызға қырық үйден тыйым"

Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі "Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ  де 5-11 сыныптармен қыздар ұйымының жетекшісі Д.Қажыкенова қыз балалармен "Қызға қырық үйден тыйым" атты тақырыптар қыздармен кездесу ұйымдастырды.
Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрен тартса – ел жұртқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» - деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.
Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды кез келген қазақтың біле жүгені жөн.
«Қызда қырық қырсық та бар» деген халық сөзін естіп пе едіңіз?  Ендеше, қыз қонаққа барған үйінде бойындағы қырсық сол үйде қалады-мыс. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Яғни, қыз қонаққа барғанда, сол шаңырақты есік жағынан орын алса, сол үйді ызғар шалады екен. «Қызда қырық сайтан дабар» деген ырыммен қонақ күтуші үй иелері қызды есік жаққа отырғызбайды. Әйтпесе, сайтандар сол үйде қалатын көрінеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив