04
октябрь
2023
Өрт қауіпсіздігі
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Алтынарық ауылы " Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша ата-аналарға өрт қауіпсіздігі туралы бейнероликтер жіберіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өрт қауіпсіздігі жөніндегі Нұсқаулықтар кез-келген ұйымдағы өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі жергілікті құжаттар болып табылады.
Өрт қауіпсіздігі жөніндегі барлық іс-шаралар басшының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бұйрық шығаруынан басталады («Өрт қауіпсіздігі қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысының 2-тармағының 2-4 тармақшасы), ол өрттің алдын алуды ұйымдастыру бөлігіндегі негізгі заңды құжат болып табылады. Осы бұйрық аумақты, ғимараттарды, құрылыстарды, үй - жайларды, жарылыс және өрт қауіпті өндірістік учаскелерді өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру бөлігінде негізгі ережелерді, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қолданысқа енгізеді, сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелерінде өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды тағайындайды және олардың қызметін регламенттейді.
Құрметті ата-аналар қауіпсіздік шараны сақтайық !