"ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ" челленджі » Қаракемер орта мектебі МДШО ММ
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қаракемер орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ" челленджі
02
октябрь
2023

"ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ" челленджі

"ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ" челленджі
«Қаракемер орта мектебі, МДШО»КММ директорының орынбасары Дина Абилмажинова
Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Бықсытпайтын, жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын. Мереке қарсаңында ұғымы ұшар биікпен пара-пар, алғашқы ұстазым Шабдарбаева Райхан апайым туралы айтқым келеді. Орны жұмақтың төрінен болсын, марқұм апайымның бала жанына сепкен жылуы, берген бағыты – бүгінгі күнімнің шамшырағы іспеттес. 
Ұстаз…   Қандай  қасиетті  сөз!  Әр адамның  жүрегіне  ерекше жылулық нұрын  себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде  қадір  тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі-Ұстаз. «Ұстаз»  деген  қазақ  баласы  үшін  қашанда  қасиетті,  қадірлі  болған. «Ұстаздан  тәрбие  алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.  Ұстаз  әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.Дәлірек  айтсақ,aдамды  өмір  сүре  білуге  тәрбиелейді.  Сол  үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.  Менің алғашқы ұстазым дәл осындай ұлы адам еді. Өмір бойы алғысымды айтып, бас иемін.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив