12
июнь
2023
демалыс лагері
Қаракемер орта мектебі жанындағы демалыс лагерінде 02.06 күні «Денсаулық-зор байлық »тақырыбында мектеп медбикесі Бекжигитова Салтанат демалушылармен әңгіме жүргізді.
03.06 күні «Ертегілер әлеміне саяхат» демалушыларға ертегі айту,сахналау,кейіпкеріне мінездеме беру тапсырмалары берілді. Әр топ ертегіден үзінді көрсетті. Белсенді өнер көрсеткен Бақтыбаева Жанель,Бескемпір Ерлік,Асқарқызы Айсара сыйлықтармен марапатталды.
04.06күні «Рәміздерім - мақтанышым» бейнежазба тамашаланды. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы туралы түсініктері кеңейтілді .
05.06күні Мектеп психологы Дарубаева Жанар Молдаханқызы балалармен «Дос боламыз бәріміз» тренингін ұйымдастырды.
06.06 күні «Адам табиғаттың бір бөлшегі» екендігі туралы бейнежазба көрсетілді, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы, оны қорғап, сақтау болашақ ұрпақтың қолында екендігі түсіндірілді.
Тәрбиешілер : Терликбаева А
Оленбаева А
