01
июнь
2023
соңғы қоңырау
«Қаракемер орта мектебі,, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылының 1 маусым күні түлектердің отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, мектепішілік достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін қалыптастыру мақсатында ««Болашаққа бастар жол» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға 1-11 сынып оқушылары, мектеп түлектері, ұстаздар, ардагер ұстаздар қатысты. Жүректері лүпілдей соққан осы түлектерге деген ыстық ықыласты жылы лебіздерін білдірген аталмыш оқу ордасының директорының лауазымдық міндетін уақытша атқарушы Сейткалиев Н.С мектептің 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктерін тілге тиек етіп, баяндама жасады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары үздік оқушыларды марапаттады. Салтанатты жиынға құрметті қонақ ретінде қатысқан ардагер ұстаздар мектеп ұжымы мен шәкірттерді мерейлі мерекемен құттықтап, түлектерге биік шыңдарды бағындырып, алға қойған мақсаттарына талмай жетулеріне сәттілік тіледі. 11 сынып оқушыларының ата-аналарының атынан-Б.Аринжанова құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарды, оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтады. Өз кезегінде мектеп бітіруші түлектер 11 жыл білім берген ұстаздарына алғыстарын білдірді. Жас түлектер мектеп вальсын билеп, "Қимаймын" әнін орындап, мектепке деген қимастық сезімдерін білдірді.




