Жетістіктеріміз » Қаракемер орта мектебі МДШО ММ
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қаракемер орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Жетістіктеріміз
"Үздік оқушы - 2023"
27
декабрь
2023
"Үздік оқушы - 2023"
2023 оқу жылының   қорытынды есебі  бойынша білімді, жан-жақты, бәсекеге қабілетті, оқу - тәрбие процесінде белсенділік танытып, мектебіміздің абыройын түрлі деңгейде асқақтатуда үлесін қосқан  9-сынып оқушысы Алимұрат Айзере "ҮЗДІК ОҚУШЫ - 2023"  марапатымен марапатталды.   Ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті болуына шын жүректен тілектеспіз.
"Бұрымды қыз - 2023"
12
апрель
2023
"Бұрымды қыз - 2023"
Жетісу облысы, Ақсу ауданы білім бөлімі ұйымдастырған " Бұрымды қыз- 2023" байқауында 8-сынып оқушысы Алимұрат Айзере 2-орынға ие болды.   Мақсаты: оқушыларға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетімізбен өнерімімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу. Жеңісің құтты болсын Айзере!
Аудандық зияткерлік ойыны
12
февраль
2023
Аудандық зияткерлік ойыны
10 ақпан күні "Ақсу жастары" мемлекеттік ұйымының ұйымдастыруымен өткен аудандық "Mu battle" зияткерлік  ойынында  Қаракемер орта мектебінің "Ұшқын" тобы 1-орын иеленді. Топ мүшелері: 9-сынып оқушылары Мұқамет Еламан, Мұратбек Асыл, 8-сынып оқушылары Алимұрат Айзере, Тұрған Жанерке, Күресбек Күншуақ. Жетекшісі педагог-ұйымдастырушы Айбек Жансұлтанұлы.
Салауатты өмір салты
08
февраль
2023
Салауатты өмір салты
«Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Спорт - денсаулық кепілі" атты 6 а мен 6 ә сынып оқушылары волейбол арасына жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарынояту, балаллардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады.
Еркін күрес
09
январь
2023
Еркін күрес
«Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Еркін күрестен 2010-2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында қысқы демалыс кезіндегі Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдер спортының ашық біріншіліг өтті.    Мектебіміздің намысын қорғаған оқушыларымыз алдыңғы шептен шығып бірінші орындарға ие болды. Олар жеңіске деген жігерлігін көрсеткен Жанарбекұлы Абдолла 1 орын, Бескемпір Ерлік 3 орын, Куресбек Алихан 3 орын, Хизат Парасат 1 орынға ие