қызылша ауруы
Қаракемер орта мектебінің оқушыларына қызылша ауруы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызылша (лат. Morbilli, ағылш. Measles) — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2