Жеңіс күні салтанатты жиын
Қаракемер орта мектебінде Ұлы Жеңістің 78-жылдығына арналған «Оларға тағзым етейік!» атты салтанатты жиыны өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, патриоттық тәрбие беру,Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып,үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.